12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күні. Бұл күн - адам өмірін арашалап, тәулік бойы тынымсыз еңбек ететін ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсететін ерекше дата. Осыған орай Ақтау қаласында салтанатты жиын өтіп, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен үздік мейірбикелер марапатталды.