Түпқараған ауданы, Таушық ауылында 63 жастағы зейнеткер Маматкадыр Наркозуев 350-ге жуық жеміс ағашын өсіріп отыр. Диханшы егіншаруашылығын үш жыл бұрын бастаған. Қазір бақта өрік, алма, алмұрт, шабдалы, алхоры секілді жеміс ағаштары жайқалып тұр.