Ақтауда “Dalaskills - 2026” республикалық чемпионаты басталды. Дәстүр мен заманауи кәсіпті тоғыстырған байқауға еліміздің әр өңірінен келген 70 - тен астам студент қатысуда. Ерекшелігі сол - чемпионат аясында тең мүмкіндік беру мақсатында "Абилимпикс: Дала дәстүрі - болашақ мүмкіндіктер инклюзивті фестивалі ұйымдастырылды.