Ақтау қаласындағы "Ақбота" саябағы жаңа келбетке ие болып, танымастай өзгереді. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай саябақты жаңғырту жобасымен танысты. Жоспарға сәйкес, демалыс аймағы толықтай қайта жаңартылып, заманауи талаптарға сай тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы әрі тартымды демалыс орнына айналмақ.