Ақтауда түрік ас үйі апталығы өтті. Мәдени шара аясында көпшілікке түріктің дәстүрлі тағамдары ұсынылып, ұлттық ас мәзірінің ерекшеліктері таныстырылды. Биылғы апталықтың басты ерекшелігі ретінде түріктің ұлттық тағамы - сарма көпшілік назарына ұсынылды. Түрік аспаздары тағамның дайындалу әдісін көрсетіп, әзірлеу барысымен бөлісті.