Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі Тамара Асармен қабылдады. Кездесу барысында өңірдегі мәдениет саласының дамуы, шығармашылық ұжымдардың қызметі және ұлттық өнерді қолдау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мәдени инфрақұрылымды жетілдіру мен жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағыттарына басымдық берілді.