Бейнеу ауданында биыл 987 оқушы мектеппен қоштасты. Олардың қатарында 42 түлек - «Алтын белгіге», ал 58 шәкірт үздік аттестатқа үміткер. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Бейнеу ауылындағы білім ошақтарының біріне арнайы барып, оқу орнының жетістіктерімен танысты.