Қазіргі келіндер туған күніне көлік немесе шетелге саяхат емес, түйе сұрайды. Мәселен, Қызылтөбе ауылында тұратын келіншек күйеуінен 30 жасына ойсыл қара тұқымын алып беруін өтінген. Табыс табуды мақсат еткен ол бүгінде 8 түйе мен он шақты бие сауып, шаруашылығын дөңгелетіп отыр.