Ай сайын 20-ға жуық маңғыстаулықтың жамбас сүйегі ауыстырылады. Күрделі ота әсіресе егде жастағы адамдарға жасалады. Дегенмен жастардың зақымданған буынын импланттармен алмастыратын жағдайлар да кездеседі. Яғни, эндопротездеу операциясы 25, 30 жастағы науқастарға да жасалады.