Негізгі Жаңалықтар Маңғыстаулық тұлпар Бүкіләлемдік көшпенділер ойынында топ жарды

Маңғыстаулық тұлпар Бүкіләлемдік көшпенділер ойынында топ жарды

Сүйінші жаңалық. Қырғызстанда өтіп жатқан VI Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында құнан бәйгеден өткен сайыста маңғыстаулық тұлпар жүлделі үшінші орын алып, қоржынға қола медаль салды. Қазақтың ұлттық ат спортының мерейін үстем етті. Ал мәреге бірінші болып алматылық Нұршашу атты тұлпары жетіп, алтын жүлдені иеленді. Осылайша, құнан бәйгеден Қазақстан құрамасы екі медаль - алтын және қола жүлдені қоржынға салды


Бөлісу