Негізгі Жаңалықтар Жаңа стадион құрылысы

Жаңа стадион құрылысы

Ақтауда жаңа стадион алаңын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында қазаншұңқыр қазу бойынша жер жұмыстары, аумақты ұйымдастыру және абаттандыру жұмыстары жасалып жатыр. Нысанға қажетті арнайы техника жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес атқарылып жатыр. Жаңа спорт кешені бұрынғы резиденция аумағында орналасқан. 17,29 гектар жерді қамтиды.


Бөлісу