Екі ел арасындағы экономикалық әріптестік кеңейеді
Маңғыстау облысы мен Әзербайжан арасындағы экономикалық әріптестік кеңейеді. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Алимирзамин Аскеровпен кездесіп, көлік-логистика және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.