Жаңаөзенде қала күніне орай мерекелік шаралар өтуде
Бүгін мұнайлы шаһар Жаңаөзенде қала күніне орай мерекелік шаралар өтуде. Әбіш Кекілбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған мәдени шараға жергілікті өнерпаздар қатысып, көпшілікке өнерлерін паш етуде.