Негізгі Жаңалықтар Халықаралық нан күні

Халықаралық нан күні

Бүгін -халықаралық нан күні. Күнделікті дастарқаннан үзілмейтін нанның дайындалуы оңай жұмыс емес. Қамыр илеуден бастап, ыстық пеште пісіру, дайын өнімді тұтынушыға жеткізуге дейінгі әр кезең үлкен жауапкершілікті талап етеді. Наубайшылар таң сәріден іске кірісіп, жұртшылықты күн сайын жаңа піскен нанмен қамтамасыз етеді. Халықаралық нан күніне орай, тілшіміз Ақсындар Табылды осы кәсіптің қыр-сырын меңгерген наубайшының бір күндік жұмысымен танысып қайтты.


Бөлісу