Ұлттық өнерімізді ұлықтап, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетушілердің бірі - Ниязтұрлы Бектұров. Ол Жыңғылды ауылының жыршысы. Соңғы 5 жылда ауылдық мәдениет үйінде қызмет етіп жүр. Жыр, терме, толғау, дастандарды жырлап жүргеніне 13 жыл.  Репертуарында Маңғыстау ақын жырауларының 20-ға жуық шығармасы бар. Байқауда еліміздің ақиық ақындары Қашаған мен Сәттіғұлдың  6 шығармасын нақышына келтіріп орындауға тырысты.

Ниязтұрлы Бектұров - байқауға қатысушы

Әншілік өнреден айырмашылығы жер мен көктей деп айтуға болады. Әншілік өнерге үлкен дауыс, кең тыныс керек болса, ал бұл жырда көбіне дауыс пен бірге көмейдің де қосылуы талап етіледі.

Жыршы - бұл ғасырлар қазынасының шежіресі. Байқауда 10 өнерпаз халқының мұң мен шерін айтып, жоғын жоқтаған жыраулардың шығармаларын шырқады. Мәселен: Қашағанның Топан дастаны, "Бұл өмірдің мысалы" термесі, Сәттіғұлдың "Досан батыр", "Мүштарих сөзі" жырлары түрлі нақышта орындалды. Жыршылар дастанды айтып жатқанда қазылар алқасы кез-келген жерден тоқтатып, мәтіннің басқа шумағын жалғастыруды талап етеді. Осылай олардың автор туындыларын толық білуі сыналады.  

Ақылбек Тасқараұлы  - жыршы

Жыршылардың айтылу мәнері, жырды пайдалану, жырдың сазын пайдалану одан кейінгі сөздің ықпалы, сөзді қателеспей айту және сөзді көрерменге жеткізу сазбен қосып. Сосын оның сахнада мәдениетті ұстауы. Анау аталардан келе жатқан салихал ы келбетін сақтау жөнінде соған қазылық етеміз.

Бекбол Базарбаев - МО мәдениет басқармасының басшысы

Ертеңде осы іс шаралар жалғасын табады. Халыққа айтатыным келіңіздер, көріңіздер деймін.

Маңғыстау жыршы-жыраулық мектебінің мол қазынасын игерген. Сондықтан, "Жыршы-жырау" байқауына қатысушылар аз емес. Олардың арасындағы мықтылары ертең анықталатын болады. Сондай-ақ, "Түп төркінін төрге оздырған Маңғыстау" атты этонграфиялық фестивалі аясында түрлі шаралар өтетін болады.