Жолдау : өңірлерде әлеуметтік нысандар көбейеді
Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: “Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны бой көтереді. Олардың қатарында перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған спорт залдары бар” деді.