Түркиялық профессор Есенов университетінде дәріс оқуда
Есенов университетінің студенттері мен магистранттарына түркиялық белгілі ғалым, экономика ғылымдарының PhD докторы Билал Бағыш дәріс оқуда. Он күнге созылатын академиялық курс аясында болашақ экономистер мен бизнес өкілдері халықаралық нарықтағы өзгерістерді, бизнес-аналитика құралдарын және қос елдің экономикалық әлеуетін талқылауда. Шетелдік профессормен тілшіміз тілдесіп қайтты.