Инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының негізі
2029 жылдың соңына дейін Қазақстанда әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Президенттің айтуынша, Үкімет елдегі инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған ауқымды жоспар әзірлейді.