Әйел құқығы – заңмен қорғалған құндылық
Отбасы қауіпсіздігі мен әйел құқығын қорғау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта Бейнеу ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Әйел құқығы және отбасы қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу өтті. Жиында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қиын жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсету мәселелері талқыланды.