Сайлау учаскілері дауыс беруге дайын
29 қараша күні өңір тұрғындары мәслихат депутаттарын сайлайды. Саяси науқанның заң талаптарына сай, ашық өтуі үшін Маңғыстау облысында дайындық жұмыстары қарқын алған. Облыс бойынша 121 сайлау округі мен 267 сайлау учаскесі дауыс берушілерді қабылдауға әзір.