Негізгі Жаңалықтар Каспийде браконьерлерден 933 келі бекіре тәркіленді

Каспийде браконьерлерден 933 келі бекіре тәркіленді

Каспийде браконьерлерден 933 келі бекіре тәркіленді
Каспий теңізінде браконьерлікке қарсы күрес барысында бір тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Заңсыз балық аулауға қатысты 119 құқық бұзушылық анықталған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың қазан айында Каспий теңізінің акваториясында жүргізілген шаралар нәтижесінде 88 шақырым браконьерлік ау құралы тәркіленген.
Бөлісу