Жол-көлік оқиғасы тіркелді
15 қараша күні Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылының Ақсу шағын ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға Қосқұлақов көшесінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, негізгі жолмен келе жатқан «Daewoo Nexia» автокөлігі қосалқы жолдан шыққан кәмелетке толмаған жүргізуші басқарған «Toyota Camry-50» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.