Фельдшерлердің қауіпсіздігі күшейтілді
Бұдан былай жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетонмен жүреді. Жаңа құрылғы медицина мамандарының шақыртуға барған кездегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Бейнежетон фельдшердің жұмыс барысын бейнежазбаға түсіріп, төтенше жағдай кезінде жедел көмек шақыруға мүмкіндік береді. Егер медицина қызметкеріне қауіп төнсе, құрылғыдағы арнайы дабыл түймесін басып, көмек сұрай алады.