Емшілік бұрын ерекше қасиет саналатын. Қазір табыс көзіне айналған. Ел арасында түрлі жолмен адам емдейтіндер көбейді. Көпшілік дертке дауа іздеп барады. Олардың қатарында шын шипагерлер мен ісі шалалары да бар. Кәнігі емшілер өздерін дәлелдеу үшін 5 жылдан бері аттестациядан өтіп жүр. Бұл алаяқтықтарға тосқауыл қоюдың бірден бір жолы.
Бауыржан Нұржанов - кәсіби халық емшілері мен дәрігерлердің дүниежүзілік қауымдастығының президенті
Қазіргі таңда өздеріңіз білесіздер емші-домшылардың қаптап кеткен заманы. Жаңбырдан кейінгі саңыраулық сияқты. Сондықтан қай жақтан келсін, қалай болған жағдайда да халықты алдаушыларға тоқтам болу керек. Қай жақтан келмесін емшінің барлығы заңды түрде құжаттандырылуға тиісті.
Қазір Маңғыстау облысында тіркеуден өткен 13 емші бар. Оның 5-еуі ғана аттестация тапсырыпты. Сыннан өту шарасы жалғасып жатыр. Ақтауға Қазақстанның әр түпкірінен келіп, емшілігін дәлелдейтін емтихан тапсырып жүргендер бар. Солардың бірі - құлсарылық Бөпеш Жантілеуова. 21 жылдан бері сынықшы атанып жүрген ол қолына куәлігін алып шықты.
Бөпеш Жантілеуова - сынықшы
Бас сүйектер сынған, қол сүйектері, аяғы быт-шыт болып жамбастары сынған кісілер келеді. Қиын жағы да бар. Барлығын ойдағыдай салу керек. Қуаныштымыз адамдар жүріп, сауығып кеткендеріне қуанамыз.
Аттестация кезінде емшілер медициналық тексеру, практикалық тәжірбие, психологиялық тест тапсырады. 3 кезең бойынша қатаң сыннан өтеді. Аттестациялау наурыз айына дейін аяқталуы тиіс. Одан соң емшілер қауымдастығының өкілдері тексеру жүргізіп, куәліксіз адам қабылдағандар заң алдында жауап беретін болады.