Өңірде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 102 жас маман ауыл мектерінде бала оқытып жатыр. Осылайша, ауылға барып, мұғалім болып, балаларға дәріс оқып, сонда тұрақтап қалған жастардың қатары күн санап көбейіп келеді. Бұл бағдарлама елімізде 13 жылдан бері жұмыс жасап тұр. Мақсат - ауылдағы маман тапшылығын жойып, жас мамандарға қолдау көрсету.