Өткеннің өнегесі - ұрпаққа аманат
Бейнеу аудандық архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық ашық есік күні өтті.Мақсаты - жас ұрпаққа тарихи құжаттардың маңызын танытып, архив қорындағы құнды деректерге қызығушылығын арттыру.Ашық есік күніне қатысқан оқушылар архив жұмысының ерекшелігімен танысып, мұнда сақталған тарихи құжаттар мен материалдарды тамашалады.Мамандар архив қорындағы құжаттардың ел тарихын зерделеудегі маңызын атап өтті.