Негізгі Жаңалықтар Әскери машық шыңдалды

Әскери машық шыңдалды

Әскери машық шыңдалды

Бейнеу ауданында өткен резервтегі әскери міндеттілердің «Бейнеу - 2026»  арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті. Он күн бойы әскери даярлықтан өткен азаматтар қорытынды кезеңде меңгерген машықтарын іс жүзінде көрсетті. Арнайы сценарий бойынша стратегиялық нысанды күзету және қорғау, қарумен әрекет ету мен қауіпке жедел ден қою тәсілдері пысықталды. Жиын соңында 78 әскери міндетті ант қабылдап, әскери билеттерін алды.

Бөлісу