«Тақиялы періште» қойылымы сахналанды
Көрерменге жақсы таныс «Тақиялы періште» хикаясы алғаш рет Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының сахнасында қойылмақ. Шәкен Айманов пен Яков Зискиндтің шығармасы негізінде әзірленген музыкалық комедияның премьерасы 23 және 24 қыркүйекке жоспарланған. Көпшілікке таныс туынды бұл жолы қандай ерекшелікпен ұсынылмақ? Қойылымның дайындығын көріп қайтқан тілшіміз тарқатсын.