Өзбекстан тәуелсіздігіне - 35 жыл
Биыл Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігіне 35 жыл.Мерейлі датаны Өзбекстан Республикасының Ақтаудағы консулдығы салтанатты түрде атап өтті.Мерекелік жиында екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің маңызы айтылды.Жиналғандар Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарының жылдан-жылға нығайып келе жатқанын айтты.Шара барысында Өзбекстанның ұлттық мәдениетін дәріптейтін концерттік бағдарлама ұсынылды.Өнерпаздар өзбек халқының әндері мен билерін орындап, мерекелік кештің сәнін келтірді.