Бүгін шетелдік көлікті заңдастыру басталды. 2022 жылдың  1 қыркүйегіне дейін әкелінген, іздеу салынбаған әрі кеден рәсімдерінен өткен көліктер ғана мемлекеттік нөмір беріледі. Айта кетейік, түске дейін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көліктерді заңдастыру бойынша 100-ге жуық адам келіп, ақпарат алды.