Каспий теңізі тартылып барады
Каспий тайызданып барады. Теңіз деңгейі қазір - минус 28,5 метрге жетті. Бұлай жалғаса берсе, теңіздің эко жүйесі бұзылады дейді мамандар. Тап осылай 47 жыл бұрын теңіз қатты тартылған. Ол кезде судың деңгейі минус 29 метрге дейін төмендеген.