Әзірбайжан шеберлері Ақтауда
Ақтауда алғаш рет «TARBIYA FEST - 2026» халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Жарты жыл бұрын ғана жұмысын бастаған «Тарбия» қолөнер орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға Әзірбайжан елінен 10 қолөнер шебері арнайы келді. Ұлттық өнерді дәріптеген фестивальдің ашылуында ән шырқалып, би биленіп, қос елдің мәдениеті тоғысты.