Жас оқырман авторға айналмақ
Кітап оқудан басталған қызығушылық бүгінде шығармашылыққа ұласқан. 22 жастағы Мирас Текемұрат бала күнінен батырлар жырын оқып, кейін қазақ және шетел әдебиетіне ден қойған. 307 кітап оқыған жас оқырман өзі де әңгіме жазып, қиялындағы әлемді қағаз бетіне түсіріп жүр.