Негізгі Жаңалықтар Оқу-жаттығуы кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Оқу-жаттығуы кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Маңғыстауда әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты. Оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Салдарынан 19 әскери қызметшіні теңіз алып кеткен. Қазір 9 адамның қаза болғаны белгілі. Үш әскери қызметші құтқарылды. Оның біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.


Бөлісу