Форт-Шевченко қаласының атауы Ақ-Кетікке өзгеруі мүмкін. Осы бағытта Есенов университетінде «Тарихы терең Ақ-Кетік» атты дөңгелек үстел өтті. Шарада Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерінің және еліміздің тарихшылары бас қосты. Жиында Ақ-Кетік атауының түп тамыры мен маңыздылығы жөнінде сөз қозғалды.