Шаһарда Ұлттық валютаның 30 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Онда қаржы саласының өкілдері мен ардагерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Салтанатты жиында сала мамандары  ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталып, құрметке бөленді.