Былтыр өңірде 82 адам өзіне қол жұмсаған. Ал 60 маңғыстаулық өзін өлтіруге әрекеттенген. Олардың дені - жастар. Бұл туралы көпшілік тыңдауда облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры айтты. Жиынға облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы, құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар мен студенттер қатысып, қауіпті дерттің алдын алу жолдарын талқылады.