Былтыр заңсыз құрылыспен күресті бастаған мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті жоспардан тыс 55 тексеру жүргізген. Нәтижесінде жауаптылар құрылыс нормаларын өрескел бұзған фактілерді анықтап, сотқа 35 талап-арыз берген. Өткен жылдан бері қалада сот ісін жүргізу нәтижесінде бес ғимарат бұзылды.