Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығында болды. Аймақ басшысы тікұшақ апатында көз жұмған Иран президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің қазасына байланысты Иран халқына көңіл айтып, қолдау білдірді. Сондай-ақ аймақ басшысы көңіл айту кітабына жазба қалдырды.