Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталын әзірледі. Басты мақсат - әрбір адамның денсаулық жағдайына қарамастан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз алуына, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт ұйымдарына және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерге еркін баруына жағдай жасау.