Заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асыру мақсатында өңірдегі сауда орындарында құқықтық түсіндіру жұмыстары күшейтілді. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастамасымен кәсіпкерлерге салық заңнамасын сақтау және бақылау-кассалық машиналарды қолданудың маңызы кеңінен түсіндірілуде.