Суға түсу маусымында демалушылар теңіз жағалауына ағылады. Олардың қатары да көбейеді. Алайда қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Қарақия аудандық прокуратурасы, қоғамдық қауіпсіздік бөлімі және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бірлесіп, Құрық жағажайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.