Мұнайлы ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Рейд барысында полиция қызметкерлері ауыл көшелерін, ойын алаңдарын және жастар жиі жиналатын демалыс орындарын тексерді. Шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың түнгі уақытта қараусыз жүруінің алдын алу.