Өңірдегі көлік қатынасы саласына кәсіби мамандар қажет. Әсіресе көлік жүйелерінің инженериясына білікті мамандардың жетіспеушілігі автожол, теміржол салаларындағы еңбек нарығының дамуын тежеп отыр.  Сондықтан еліміздің көлік және білім министрлігі осы салаға қажетті мамандықтарға грант бөлуді ұйымдастырып отыр. Сол үшін өңірдегі барлық мектептерде көліктік құрылыс мамандығына шақыру үшін үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.