«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы өз мәресіне жетті. Бес күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Жетісу облысының шабандоздары бірінші қиып, аламанның жеңімпазы атанды. Екінші орын - Маңғыстаулық шабандоздар бұйырса, үздік үштікті Алматы қаласы түйіндеді.  Жерлестеріміз Павлодар - Астана бағытындағы 500 шақырымды 33 сағат, 05 минут, 30 секундта жүріп өтті. Жалпы марафон-бәйгеге барлығы 19 команда қатысты. Алайда олардың тек 11-і ғана жарыс қашықтығын толық жүріп өтті. Енді жүлдегер атанған командалар қыркүйек айында өтетін халықаралық ат жарысында ел намысын қорғайды.