Облыстағы бес ауданның шекарасы өзгереді. Бұл өңір басшысының қатысуымен өткен мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясында айтылды. Жиында аудан шекараларын өзгертумен қатар, ауыз су, экология мәселелері, қала көшелеріндегі қазба жұмыстары қаралды.
Сессия барысында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары облыс аумағына Каспий теңізінің 12 мильдік аймағының қосылғаны туралы айтты.