Қала құрылысы мен жол саласындағы мәселелер
Ақтауда заң талаптарын сақтамай құрылыс бастау фактілері аз емес. Қала әкімінің орынбасары Бекнұр Бәлиұлының айтуынша, рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген жұмыстарға қатысты құқық қорғау органдары мен сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен бірлесіп шаралар қабылдануда.