Он айда – он кітап
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандардың қатарын көбейту. Президент бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасының негізгі мақсаты да осы. Игі бастамаға Жаңаөзендік ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері де белсенді атсалысуда. Олар он ай ішінде он түрлі кітап оқып, өзара талқылауды дәстүрге айналдырған.