Апат айтып келмейді. Қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында төтеншеліктер азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп, темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу жаттығу өткізді. Жоспар бойынша темір жолда тұз қышқылының төгілуі орын алған. Алдымен мамандар төтенше жағдай аймағында химиялық барлау жүргізіп, жұқтыру шекараларын белгіледі. Төтеншеліктер зардап шеккен азаматтарды құтқарып, оларды қауіпсіз жерге жеткізді. Әрі қарай мамандар химиялық апаттың зардаптарын жойып, өртті ауыздықтады. Оқу жаттығуға 9 техника, 32 қызметкер жұмылдырылды.