Енді мектеп асханалары бақылауда болады. Бүгін білім басқармасының жанынан құрылған мониторингтік топ қаладағы оқу орындарының  асханаларын тексерді. Қалалық №29,30 мектеп, 13 гимназия асханалары тексеру тобының бақылауынан өтті. Нәтижесінде тек тамақтарды қоймада сақтау температурасында ғана кемшілік анықталды.